«Өз құдағиына үйленген»: Балаларынан зәбір көрдім деген кісінің әйелі масқарасын шығарды

149

Еске салып өтейік, таяуда жетісулық ақытек атты кісі балалары ақша сұрап, ақша бермесе, қылғындырып, қинап, тіпті аязды күні айдалаға апарып тастайтынын айтып, құқыққорғаушылардан көмек сұрағанын жазған едік. («Балаларым қылғындырып, зәбір көрсетеді!»деген кісі көмек сұрады)

Алайда Бақытбек мырзаның әйелі оның айтқандары шындыққа жанаспайтынын айтып: «Өтірік айтып отыр. Балалары оған себепсіз тиіспейді.

Мен Бақытбектің некелі әйелімін. Бақытбек балаларым сабайды деп өтірік айтып отыр. Балалардың оған рніші бары рас. Себебі Бақытбек өзінің туған құдағиына үйленген.

Балалар содан намыстанып, оған реніштерін білдіріп, сөйлейтіні рас. Өзінің туған құдағиына үйленген адамды кім сыйласын», деп, әлеуметтік желіде өтірік айтқан күйеуінің бүкіл айыбын ашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.