Өскеменде 120 миллион жымқырды дегендер сотталып жатыр

89

Өскеменде ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған коммуналдық кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерге қатысты сот процесі басталды.
«Таза Өскемен» мекемесінің бұрынғы директоры Асхат Тәженов пен оның орынбасары Ардақ Әбділдинов және кәсіпкер Игорь Федосов бюджет қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Сот кабинетіндегі деректерге сәйкес экс-басшы қамауға алынған болса, қалған екі айыпталушы кепілмен бостандықта жүр.

Тергеу материалдары бойынша күдіктілер 2022-2023 жылдары мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей бюджет қаржысын үлестес компанияларға жүйелі түрде аударып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігі жымқырылған 120 миллион теңгеге күдіктілердің пәтер мен көліктер және жер телімдерін сатып алғанын анықтады. Қала жолдарын тазалауға жауапты мекемеден зардап шеккен тарап ретінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі танылды.

Әкімнің бірінші орынбасары ұсталды деген сыбысқа әкімдік жауап берді
ШҚО мәслихат депутаты Дмитрий Сомов пара беру ісі бойынша ұсталды

inbusiness.kz.

politico.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.