Ортақ мүдде – «Адал ұрпақ»

279

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қандай болуы керек? Мектеп оқушылары арасында үлгілі ғана емес, парасаттылық пен адалдықты, қарапайымдылықты бойына сіңіре білуі шарт. Клубтың мақсаты айқын, жоспары нық. Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік , патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Бұл жасалып жатқан жоспарлы жұмыстың бір парасы ғана. Бүгін кезекті семинар қалалық мектептерде жауапты мамандар арасында өткізілді.
« Мектеп жасынан бастап адалдық, парасаттылыққа оқыту негізге алынған. Тек пәндерді ғана емес, жекелеп оқыту барысында да рухани дамуына үлес қосу керек. Яғни белгілі бір формула мен тілді ғана меңгеру емес, Сыпайылық, мейірімділік, тазалық пен адалдық әр оқушының бойына сіңіру қажет деп есептеймін. Осылайша өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан ада, ел дамуына үлес қоса алатын білімді азамат ретінде тәрбилеуге қосатын үлесіміз болады. Емтихан кезінде бір – бірінен көшірмеу сияқты амалдар, достарының арасында өтірік айтпау, өзін – өзі алдамай қоғамда адал өмір сүруге үндеу ғана жасамай, тәрбие жүйесінде іс –әрекетпен көрсетуге болады.Осы бағытты бір іздендіру басты мақсатымыз» деді,Равиль Төлебаев ҚР СЖҚІҚА ЖОБ департамент басшысының бірінші орынбасары
Оқыту жүйесі, қат — қабат қатталған баяндамамен шектелмеді. Мұнда әр баланы тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Сондай – ақ, практикалық дәрістер көрсетіліп, педагогтар өзара тәжірибе алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.