Оң нәтижеге бағытталған онлайн сабақ

166

Еліміздегі төтенше жағдай режиміне сәйкес, діни бірлестік өкілдері мен дін мәселелері бойынша зерттеу орталығының мамандарының түзеу мекемелеріне кіруі тоқтатылған болатын. Сол себепті, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі сотталғандар және айыпталушылармен атқарылатын жұмыс онлайн режимге көшті.
Осындай бейнебайланыс сеанстарының бірі ЖД-158/1 мекемесінде өткізілді. Онлайн сұхбат барысында тергеудегі азаматтарға аталған мекеменің теоллогы әділет капитаны Төрехан Түсіпбеков, Тараз қаласы әкімдігінің дін мәселелері бойынша зерттеу орталығының инспекторы Әбілқайр Сабырұлымен бірлесе отырып, дәріс өткізді.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.