Музейде ерекше форматтағы сабақ өтті

62

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Дети рисуют историю» атты тақырыпта  музей сабағы өтті. Шараға «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығы»»-ның шәкірттері қатысты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында балалар музей тарихымен және оның бірегей құнды жәдігерлерімен , қазіргі заманауи техникалық 3D форматта көрсететін голограммамен танысты. Қызықты да, танымды экскурсияны тындап, бар ойлары мен қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Жалпы айтқанда, музей тек тарихи орын ғана емес, сонымен қатар, музей — шығармашылықты шындау мекені деп те айтуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.