Мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды. 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны өзгенің затын қолды қылып жатқан тұста бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
