Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

620

Жамбыл облысының Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты ашылып, 70 адам жұмыспен қамтылады.

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбековтың айтуынша, «Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің құны 662 млн теңгені құрайтын шағын мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау жобасына облыс әкімдігі қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде. Соның арқасында 70 адам еңбекпен қамтылады»,-деп мәлімдеді аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.