Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

22

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 400-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен 44 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді (43-і мемлекеттік қызметшілер, 1-і жеке тұлға).

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту бойынша талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың 33 мемлекеттік қызметшісі тиісті оқудан өтті.

Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына қатысты жүргізілген талдау нәтижелерімен 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

Бұл ретте, еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген.

Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 134 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 189 271 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді.

Одан бөлек, еңбек заңнамасында үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттарын ұсыну мүмкіндігі қарастылырған.

Осы орайда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің нәтижесінде 11 қызметшіге жалпы 11 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Ал, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 176 мемлекеттік қызметшіге 217 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.