МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

33
🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен шаруа қожалық өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру жиыны өтті.
🔰Кездесуге қатысқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының менеджері Нұрлан Әлімбаев, Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының менеджері Айгерім Ақназарова мен «Тараз» ӘКК» АҚ несиелендіру департаментінің менеджері Алтынбек Аманбай ағымдағы жылы іске қосылған «Игілік» және «Береке» бағдарламаларымен асылтұқымды мал сатып алу, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтер мен бизнес жобаларды қаржыландыру, су үнемдеу технологиясын енгізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын алуға несие алу, сондай-ақ мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін егжей — тегжейлі түсіндірді.
🔰Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Жалпы кездесудің мақсаты — мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау түрлері, жеңілдетілген несиелер мен қаржылық институттар қызметі туралы нақты әрі толық ақпарат беру, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдарын түсіндіру, қолдау алу кезінде кездесетін кедергілер мен сұрақтарды талқылау, және де толыққанды түсіндіру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.