Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

64

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту: 10 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
Бүгін Ақордада ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті. Жиында сөйлеген Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қоғамда тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор.

Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өткен жөн. Бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен шектелмейді. Оның түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту.

Сол арқылы азаматтарымызды қастерлі Отанымыз – Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру.

Жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, дамуға жол ашылады. Бұл – өркениетті мемлекеттер мен халықтардың барлығына ортақ ұстаным. Осы құндылықтар жаңа Халық Конституциясына арқау болып отыр.

Біз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдық. Нақты жетістіктеріміз бар. Бұл – ең алдымен, сапалы адам капиталы», — деді Президент.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279553-qasym-zomart-toqaev-taza-qazaqstan-zalpyulttyq-zobasynyn-tupki-mani-qogamdyq-sanany-zangyrtu

Leave A Reply

Your email address will not be published.