Мекеме аумағына тыйым салынған заттар лақтырмақ болған

353

Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесіне тиісті аумақта 1974 жылы туған Байзақ ауданының В. Есімді азаматы қолға түсті. Күдіктіні мекеменің жедел-режим бөлімінің қызметкерлері №5513 НГ әскери бөлімінің №6 постының кезекшісімен бірге қолға түсірген.
Ұсталған азаматтан 3 дана пластик шөлмек табылған. Оларды тексеру барысында ішінен 8 дана ұялы телефон бары анықталған. Атап айтқанда, 3 дана Самсунг, Хуавей, МИ, Нокиа, Джинга телефондары болған.
Сұрау барысында азамат В. аталған тыйым салынған заттарды лақтыру арқылы мекеме аумағына жеткізуді жоспарлағанын айтты. Ол бұл іске ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп кеткен Е. есімді танысының өтінішімен жасағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол істеген ісін толығымен мойындады.
Жоғарыда аталған ұялы телефондар тәркіленіп, мекеменің режим бөліміне сақтауға берілді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Әкімшілік заңбұзушылық жөніндегі кодексінің 481 бабы 1 бөлігі бойынша материал толтыру мәселесі шешілуде.

Дәурен Қуаныш,

мекеме режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.