МЕДИАОРТАЛЫҚТЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

50
Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, қалалық әкімшіліктің мәжіліс залында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Әділет Ахметжанов “Сарысу медиа” орталығының мамандарымен кездесіп, ақпарат айдынында белсене жұмыс жасап жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Ауданымыздың медиа саласының дамуына қосып жүрген бірқатар қызметкерлерін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, биыл ғана жұмысын бастаған “Сарысу медиа” орталығы ақпараттарды жедел әрі сапалы жеткізуде белсене жұмыс жасауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.