Маусымдық тұмау: Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

36
Елордада ЖРВИ мен тұмау ауруларының маусымдық өсімі байқалады. Эпидемиялық маусым басталғалы 82 520 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен маусымға қарағанда 6%-ға жоғары. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
«Мектептерде оқушылар арасындағы аурушаңдық деңгейі бақылауда және жекелеген сыныптарда 20%-дан аспайды. 20-30% тіркелсе, кабинет жүйесі уақытша тоқтатылады және жаңа оқушыларды қабылдау шектеледі. 30% және одан жоғары болса, сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі», — делінген ақпаратта.
Мектептерде таңғы сүзгі, ауру белгілері бар балаларды дереу оқшаулау және санитариялық талаптарды сақтау жалғасуда. Барлық медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен және қажетті жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ поликлиникаларда 101 сүзгі-кабинет жұмыс істейді.
❗️Дәрігерлер тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.