Мәслихаттардағы партия фракциясы мүшелерінің қызметін бағалау ережесі бекітілді

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап «08info» АА хабарлайды.

497

Кеше партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтіп, онда күн тәртібінде 18 мәселе қаралды. Аталған кеңес мүшелерінің функционалдық міндеттері, партия филиалы жанындағы комиссиялар мен қоғамдық кеңестердің мүшелері, ағымдағы жылдың І жартыжылдығына жұмыс жоспары, партия аумақтық филиалдарының және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қызметін бағалау Ережелері бекітілді. Осы және басқа да жоспарлармен қатар, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясын шақыру және күн тәртібі мен делегаттардың сандық квотасы бекітілді. Сонымен, 2019 жылдың 13 ақпан күні облыстық филиалдың кезектен тыс ХХІV конференциясы өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.