Мәселе айтылды, шешімі де табылды

435

Жуалы ауданында көшпелі қабылдау Қайрат ауылынан бастау алды. Осы сәтте Қайрат ауылындағы көшпелі қабылдауға келген тұрғындардан жалпы 19 сауал түсті. Олардың ішінде 4 мәселе шешімін тауып, 13-іне түсіндірме беріліп, 2 мәселе бақылауға алынды.

Ауыл тұрғындары ауыз су, ауылшаруалығы дақылдарын дәрілеу, жол сапасы, интернет желісінің әлсіздігі және басқа да сауалдарын қойды. Барлық сауалдарға аудан әкімінің орынбасары Е. Қалмұрзаев, аудан Прокурорының орынбасары Б. Қалыбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы орынбасары Д. Нұралиев және бөлім басшылары жауап берді. Аталған көшпелі қабылдау 16 маусымда 10.00-де Бәйтерек ауылында жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.