Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

688

Тақырып / Тема: «Қордай аудандағы Масанчи ауылындағы жағдай жайында» / «О ситуации в Кордайском районе Жамбылской области»Спикерлер / Спикеры: Дембаев Булат Бекназарұлы ҚР бас прокурорының орыбасары,Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы ҚР Ішкі істер министрі,Абаев Дәурен Әскербекұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі. /Дембаев Булат Бекназарович Заместитель генерального прокурора РК, Тургумбаев Ерлан Заманбекович Министр внутренних дел РК,Абаев Даурен Аскербекович Министр информации и общественного развития РК.Модератор: Абдилов Алибек. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОКГУ "Региональная служба коммуникаций города Алматы"Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Опубликовано Служба центральных коммуникаций Пятница, 7 февраля 2020 г.

Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырып, нәтижесінде шамамен 300 адам, соның ішінде көрші ауылдардың тұрғындары қатысқан.

ОҚК брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчи ауылындағы оқиға хронологиясын айтып берді.

«7 ақпанда кешкі 19:00-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке жуық наразы тұрғын жиналды, олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық ұрыс басталды. Оқиға орнына қордайлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келді. 

Арандатушылар мен оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық ұрысқа қатысушылар санының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді», — дейді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, Масанчи ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді.

«Жанжалға қатысушылар полицияға белсенді қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарын дөрекі түрде орындамаған. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. Кейінірек Ауқатты және Бұлан-Батыр ауылдары да қақтығыстарға ұшырады. Елді мекендер мен жолдарға кіретін периметрдің айналасындағы жолдарда бөгеттер қойылды, — дейді министр.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.