Масанчидегі қақтығыс: 47 адам ұсталды

497

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер 47 адамды ұстады.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына менің орынбасарым мен бас прокурордың орынбасары аттанды. Құқық қорғау органдары жедел төтенше жағдайды ауыздықтады.

Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы «Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру», сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүріп жатыр», — деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған.

Бұған дейін министр 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.