МАҚСАТ — ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

134

Елімізде биыл мектеп бітіру кештерін өткізуге қатысты талаптар қатаңдатылды. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға арнайы үндеу жасап, соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру рәсімдері кезінде сақталуы тиіс ережелерді жариялады.

Жаңа талаптарға сәйкес, мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базалары мен табиғат аясында ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
Осы мәселе бойынша қала әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлының төрағалығымен жиын өтті. Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Марат Мұхаммедали Сырымбекұлы, Талас аудандық білім бөлімінің өкілі Ботагөз Чабанбаева, Талас аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Айдос Өтеміс, кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында білім бөлімі тарапынан алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Сонымен қатар, прокуратура және полиция өкілдері аталған шектеулердің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау екенін атап өтті.
Кәсіпкерлер де жалпыға ортақ талаптарды сақта

talas_akimdigi

Leave A Reply

Your email address will not be published.