Мақсары жиналу үстінде

51
Күзгі жиын-терім – ауыл шаруашылығы саласындағы ең маңызды жұмыстардың бірі.
️ Биыл ауа райы өткен жылға қарағанда ерте жылынып, соның есебіне аудандағы барлық шаруалар көктемгі дала жұмыстары мен бау-бақша дақылдары және көкөністерін ерте отырғызды. Қазіргі таңда диқандар жаз бойы маңдай термен өсірген өнімдерін жинау үстінде.
Қызу еңбек салтын біз көбінесе ауданға қарасты Нұрлыкент ауылынан көреміз. Ауыл бүгінгі таңда қырыққабат өсірумен танымал. Ауыл шаруашылығына бейімделген бұл өңірдің диқандары көктем шыға жер жыртып, қырыққабат көшетін отырғызуға кірісіп кетеді.
Нұрлыкент ауылының тұрғындары қырыққабатты «ақ алтын» деп бекер атамайды. Себебі осы өнімнің арқасында көптеген отбасы табыс тауып, тұрмыстарын түзей алды.
Қырыққабат көкөнісінің 80 пайызын ауылдың диқандары егеді. Нұрлыкент ауылдық округі әкімшілігінің берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда күздік бидай 605 гектарға, ал арпа 1 820 гектар және мақсары 380 гектарға егілген. Соның ішінде, күздік бидай мен арпа толық жиналған. Мақсары жиналу үстінде. Одан бөлек, ауылдық округте 111 гектарға көкөніс дақылдары егіліп, жиналуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.