Латын графикасына негізделген әліпби – уақыт талабы

Елімізде үлкен рухани серпіліс туғызған Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының жарияланғанына 2 жыл толды.

1 052

Аталған мақаласында Елбасы таяу жылдардағы міндеттердің ең біріншісін – тіл мәселесіне арнады. «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп тапсырма берді.

Жазу – тілдің таңбасы десек, ұрпақ келешегін тереңнен ойлаған Ұлт көшбасшысының латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу жөніндегі бұл батыл қадамын үлкен тарихи оқиға деп бағаладық.

Ой тереңінің тұңғиығы Конфуцийге шәкірттері: — Егер бір елге басшы болсаңыз, алдымен не істер едіңіз? – деп сауал қойған екен. Сонда «Ұлттың тілін тәртіпке салар едім» деген екен ойшыл. Себебін сұрағанда – тілі бұзылса, ұлттың рухы мен әдет-ғұрпыда бұзылады. Рухы мен әдет-ғұрпы бұзылса, әділет пен ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Тілі бұзылған ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды. Мұндай жағдайдың алдын алған дұрыс, — деген екен.

Сондықтан, елімізде жүргізіліп жатқан жазу реформасы – Елбасының көрегенділігін, болашақты болжай білетін мықты саясаткер екендігін көрсетеді.

Біздің облыста да мақала жарияланған күннен бастап қызу ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақала жарияланған күннен бастап арнайы желілік кесте бекітілді. 2017 жылы желілік кестеге сәйкес облыста 1019 іс-шара өткізілді (142 облыстық,  79 қалалық, 798 аудандық деңгейде).

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығын халық арасында насихаттап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін                                   3 әлеуметтік жоба жариялап, аталған жобалар аясында 51 іс-шара өткізді. Жалпы ұйымдастырылған іс-шаралар мен жүргізілген ақпараттық – түсіндіру жұмыстарына 16 мыңға жуық адам қамтылды.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында барлық аудандар мен Тараз қаласындағы түсіндіру жұмыстарына қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері:А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек, осы институттың тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Нәзира Әміржанова, С.Демирел атындағы университеттің оқытушысы, ф.ғ.д., профессор  Құралай Күдериноватартылды.

Сонымен қатар, «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын насихаттауға бағытталған ақпараттық түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» (TED лекция) әлеуметтік жобасы аясында  Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру — әдістемелік орталығының директоры Тілешов Ербол Ердембекұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы  Қажыбек Ерден Задаұлы, аталған институттын қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек,  республикалық латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін қолдау тобының мүшесі, белгілі журналист Қанат Әуесбайұлы  облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждерде және «Арай Плаза» бизнес орталығында облыс тұрғындарына мазмұнды дәрістер оқыды.

Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу мәселесіне деген жастардың оң көзқарасын қалыптастыру, жаңа әліпбидегі таңбалармен жазуға бейімдеу мақсатында 2017 жылғы    6-14 желтоқсан аралығында эссе жазу байқауы, үздік бейнеролик байқауы және жаппай диктант жазу акциясы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 Өкімімен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл ішінде жүйелі жұмыстар атқарылды.

Латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың  жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында 2018 жылы да басқарма тарапынан 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шаралар өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылса, аудандар мен Тараз қаласында 534 іс-шара өткізілді.

Жаңа қазақ әліпбиін өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы бейнеролик әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында пайдалану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан  Латын әліпбиін үйрету оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық  университетінде «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы,  облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында  «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылып, латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде облыс тұрғындарына әдістемелік көмектер көрсетілді.

Республикада алғашқылардың бірі болып басқарманың тапсырысымен Елбасының №637 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаңа заман талабына сай  интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқып, жазуға үйрету мақсатында  Qazalipbi.kz  онлайн оқыту бағдарламасы әзірленді. Интернеттің кез келген браузерлері мен смарт телефондар арқылы кіруге болатын Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы – қазақ тілді аудиторияға, яғни латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйренуге ниет білдірген кез келген азаматтар үшін қолжетімді, тегін, уақыты шектеусіз, 18 сабақтан (теориялық, практикалық, бағалау бөлімдері) тұрады.

Сонымен қатар,  2018 жылғы  6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру және жаңа әліпбиді үйрету мақсатында лингвист ғалымдардан арнайы жұмысшы тобы құрылып, барлық аудандар мен Тараз қаласы тұрғындарына арнайы  семинар-тренингтер өткізілді.

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін кеңінен танымал ету мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі: орфография және әдістеме мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Барлық өңірде бір мезетте ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктант жазуға облыс бойынша 127 636 адам қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Биылғы жылы 2 әлеуметтік жоба аясында жаңа әліпбиді түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Ү.ж. І тоқсанында  латыннегізді әліпбиді өңір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 41 іс-шара өткізіліп, оған 4635 адам қамтылды.

10 аудан  мен Тараз қаласы тұрғындарына арналған көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылса, Тараз қаласында орналасқан 24 мекемеде үйрету курстары жүргізілді.

Ү.ж. 14-15 наурыз аралығында латыннегізді қазақ әліпбиінің  емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер (оқытушылар) дайындау мақсатында  Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында 2 күндік оқыту курсы өткізіліп, оған  64 адам қатысып, сертификат алды. Қазіргі кезеңде Тілдерді оқыту орталығының 14 қызметкері 72 сағаттық курсқа қатысуда.

Алдағы уақытта Латыннегізді қазақ әліпбиін облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетін болады.

 

С.С.Құрманбекова

Жамбыл облысы әкімдігінің

тілдерді дамыту

 басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.