Күнге, көлеңкеге, жаңбырға салық: Әлем елдеріндегі ерекше салықтар

42
Күнге, көлеңкеге, жаңбырға салық: Әлем елдеріндегі ерекше салықтар
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/260207-kunge-kolenkege-zanbyrga-salyq-alem-elderindegi-erekse-salyqtar

Қазіргі заманда кейбір елдерде адамдар күннің көзіне, көлеңкеге, тіпті жаңбырға да салық төлейді. Бұл салық түрлері алғаш естігенде оғаш көрінгенімен, олардың көпшілігі қоршаған ортаны қорғау мен тарихи мұраны сақтау мақсатында енгізілген.

Көлеңке салығы — Италия

1993 жылдан бастап Венецияда дүкендер мен дәмханалар иелері өздерінің шатырлары немесе тенттері муниципалдық жерге көлеңке түсірсе, арнайы салық төлейді. Бұл шара қаланың тарихи сәулеттік келбетін сақтауға бағытталған.

Жаңбырға салық — Польша

Польшада Podatek od deszczu деп аталатын салық бар. Бұл салық ғимараттар мен су өткізбейтін беттер (шатыр, асфальт және т.б.) арқылы табиғи су ағынын бұзатын жер иелерінен алынады. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы күрестің бір бөлігі.

Күнге салық — Испания

Балеар аралдарында (Испания) туристер санының артуына байланысты “күн салығы” енгізілген. Туристер күн сайын 1 еуро көлемінде салық төлейді. Бұл қаражат жағажайларды тазалауға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Таяқша салығы — Қытай

Қытайда ағаштан жасалған бір реттік таяқшалар үшін 5% салық қарастырылған. Себебі жыл сайын 25 миллионға жуық ағаш осы өнімді өндіру үшін кесіледі. Үкімет халықты қайта пайдалануға болатын құралдарды қолдануға ынталандыруда.

Барбекю салығы — Бельгия

Бельгияның Валлония аймағында ашық аспан астында барбекю жасаған әр рет үшін 20 еуро салық төленуі тиіс. Бұл шара парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған. Тіпті бұл талаптың орындалуын бақылау үшін дрондар мен тікұшақтар да қолданылады.

Бұл — ерекше салықтардың аз ғана бөлігі. Сондықтан шетелге шыққанда, көлеңкеңіз үшін де ақы төлеуіңіз мүмкін екенін ұмытпаңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.