ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МЕКЕНІНДЕ…

123
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтіп жатқанда осыдан үш жыл бұрын «Ақ жол» газетінің 100 жылдығы аясында «Қызғалдақтар мекенінде…» атты шағын жазба бұрынғы парақшамнан көзге түскені…
«Ақ жол»-100
ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МЕКЕНІНДЕ…
» Әулиеата-медиа» ЖШС «Ақ жол» газетінің 100 жылдығы мен облыстық кино орталығының 10 жылдығы аясында Жуалы ауданының аумағындағы адам аяғы тие бермейтін, мал түспейтін қызғалдақтар мекеніне фотоэкспедица жасадық. Тау-тастан өтіп жер талғамайтын көлікпен Тараз қаласынан төрт сағатта діттеген жерімізге жеттік.
«Ақ жолдың» 100 жылдығына демеуші ретінде инспекторлармен және арнайы техникамен қамтамасыз еткен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Табиғаттың сонша сүлулығына сүйсініп, жердің сәнін келтіріп құлпыра өскен, көздің жауын алатын қызғалдаққа қызыға қарадық. Фото тілшілеріміз Алтынбек пен Ағаділ бастаған «Жамбыл-инфо» сайытындағы әріптестер, кино орталығының операторлары бар, әрбір түп қызғалдақты жеке-жеке обьективке түсіріп, құйып өткен жауынға да қарамады. Аяғымызды ептеп басып, дала символының бір талын жаншып кетпеу жағын ойладық.
Осылайша жексенбіні табиғат аясында, құлпырған қызғалдақтар мекенінде өткізіп, «Ақ жолдың» жүз жылдық аясында жоспарланған үлкен бір шараны өткізіп тастадық. Құдай қаласа, ертең газеттің ғасыр тойына орай шығатын фотокітаптың қызғалдақ құнды жәдігеріне айналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.