Бүгінгі таңда имамдық оңай жұмыс емес. Құдайдан қорыққан адам ғана өз имамын силап, құрмет көрсетеді. Құдайдан қорықпаған, бәле іздеп, имамды жамандап, өзі бәлеге ұшырап жатады. Көзімізбен көріп жүрміз.
Менің айтайын дегенім Қараой ауылының имамы ұзақ жылдар бойы ауыл халқының рухани тәрбиесіне, имандылық пен бірлікке жалақысыз, шынайы ықыласпен қызмет етіп келеді. Осы ерен еңбегі ескеріліп, «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталуы – әділ баға мен үлкен құрметтің белгісі.
Осы орайда, руханият жолындағы адал қызметті назардан тыс қалдырмай, лайықты марапат ұсынғаны үшін аудан әкіміне және аталмыш марапатқа ұсынып, қолдау білдірген ауыл әкіміне өз атымнан шынайы алғысымды білдіремін.
Бұл марапат – бір ғана азаматтың емес, тұтас ауыл руханиятына көрсетілген құрмет деп білемін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге Алла разы болсын, абыройларыңыз арта берсін!
Құрметпен,
Талас аудан бас имамы Ж. Жұбатқанов.