Құрбысына пышақ салған қостанайлық әйел қамауға алынды

585

Қостанай қаласында 31 жастағы әйел танысына пышақ сұқты. Белгілі болғандай, 31 жастағы әйел 35 жастағы құрбысымен ішімдік ішкен. Сәлден соң екеуінің арасында жанжал туындаған.

«31 жастағы әйел бөтелкелесіне пышақ салған. Салдарынан жәбірленуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», — делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.