Қордай ауданы Қаракемер ауылында сарайдан екі оқушының мәйіті табылды

28

Өңірлік полиция бұл жағдайдың суицид екенін мәлімдеді.

Қордай ауданының Қаракемер ауылында сарайдан екі оқушының мәйіті табылды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Өңірлік полиция бұл жағдайдың суицид екенін мәлімдеді.

«Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ПД.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына жедел түрде әкімнің орынбасары, басқарма басшысы және оның орынбасары барған. Облыс әкімдігі оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Qaz365.kz.

Фото: pixabay

Leave A Reply

Your email address will not be published.