«Қоғамның психологиялық қауіпсіздігі: суицид, буллинг, лудомания»

115

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Қоғамның психологиялық қауіпсіздігі: суицид, буллинг, лудомания» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Оқу ордасының «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасы ұйымдастырған шара тұлғаның психоәлеуметтік жағдайын жақсарту, әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілікті арттыру, жастарды бүгінгі қоғамдағы кең таралған зиянды әдеттерден аулақ болуға, сапалы білім алып, саналы тәрбиеге ұмтылуға шақыруға бағытталды.

Басқосу барысында психологиялық қауіпсіздік, суицид туралы теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар суицидтік мінез-құлық белсенділігінің көрінісі бар тұлғаларға көмек көрсету стратегиялары қарастырылды. Қатысушылар суицидтік қауіп тобындағы тұлғалар үшін профилактика және терапия жоспарын құру және жүзеге асыру тәжірибесін талқылап, әдістемелік ұсынымдар мен пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.