Қоғамның өзекті мәселелері сараланды

80

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді.

Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар. Сонымен қатар, Президент  азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударды.

Бұл тұрғыда мемлекет басшысы сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екенін айтып өтті.

– Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет. Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бас­тысы, мем­ле­кеттік қызметшілер Мем­­­лекет басшы­сының қолдауын сезініп отыр және Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды.

Гүльжан ИБРАИМОВА,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.