Халықаралық адам құқықтары күніне орай кездесу өтті

89

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, оларды қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Шараға Ұлттық алдын алу тетігі өкілдері тобының басшысы Р.Халидов пен мекеме қызметкерлері қатысып, жазасын өтеушілермен ашық форматта әңгіме өткізді.

Кездесу барысында Р.Халидов адам құқықтарының кепілдіктері, қорғау тетіктері, құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар әрбір азаматтың, оның ішінде жазасын өтеушілердің де негізгі құқықтары заңмен қорғалатыны, оларды сақтау – мемлекет пен құзырлы органдардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Шара соңында сотталған азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай кездесулер түзету мекемелерінде құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.