
Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнында бір адам қаза тапты: 1 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Кентау қаласында түнде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында өрт шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, жарылыс газ-ауа қоспасынан болған.
Төтенше жағдай салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді (оның екеуі жансақтау бөлімінде).
Барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров оқиға орнына барып, жедел кеңес өткізді және жағдайды жеке бақылауына алды.
Жедел штаб құрылды.
Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.