Қажылық ұйымдастырамыз деп 60 млн теңге жинаған екі адам сотталды

4

Астанада Мекке мен Мединаға қажылыққа барамыз деген 37 азаматты алдаған екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы елордалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. Тергеу мәліметінше, алаяқтар Сауд Арабиясына қажылық сапар ұйымдастыру туралы хабарландыруды Instagram әлеуметтік желісінде орналастырған.

«37 қажы, уәдеге сеніп, оларға жалпы сомасы 60 миллион теңге ақша берген. Міндеттемелер орындалмай, олар алынған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот екі айыпталушыны да төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Қазақстанда қажылық пен ұмра сапарларын заңсыз ұйымдастыратын алаяқтардың әрекеті бұған дейін де тіркелген болатын. Құқық қорғау органдары мен Дін істері комитеті азаматтарға туроператорлардың тиісті лицензиясын тексеріп, сапарды тек ресми тіркелген компаниялар арқылы жоспарлауды ескертеді.

 Qaz365.kz.

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.