ҚАЖ қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

72

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Бұл – Наурызнама жалпыұлттық онкүндігінің жетінші күні. Атаулы күн ептілік пен төзімділікке баулитын, күш пен рух беретін ұлттық спорт түрлерін ұлықтауға арналады.

Осыған орай ел ішінде түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. Соның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағыныста №25 мекемеде өтті.

Атаулы күнді атап өту аясында мекеме жеке құрам қызметкерлері де Ұлыстың ұлы күнін ыстыық ықыласпен мерекеледі. Спорттық шарада еркін жалмалаы және аттестатталған 2 топқа бөлініп, қызметкерлер тоғызқұмалақ және асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынап, жарыстың көркін қыздырды.

Тоғызқұмалақ ой ұшқырлығын сынайтын спорт түрі болса, асық ату – мергендік пен шапшаңдықты талап етеді. Жарыс барысында қатысушылар нағыз спорттық рух пен жоғары дайындықтарын көрсетті.

– Бүгін ұлттық спорт ойындарынан жарыс өткіздік. Қызметкерлер жақсы дайындықпен келген. Асықты бала күнімізде ойнайтын едік, өзіміз де бала болдық, асық жинайтынмын. Мұндай шаралар тек жарыс үшін емес, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үшін де маңызды, – дейді мекеме қызметкерлері.

Жарыс қорытындысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері «Достық жеңді» деген шешіммен Ұлыстың ұлы күніндегі ынтымақ пен бауырмалдықтың озық үлгісін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.