Қазақстанда туризм саласында тұңғыш ұлттық сыйлық жарияланды

599

«Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы туризмнің барлық саласын қамтитын  «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» сыйлығын жариялады.

Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды.

Мақсаты — еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау. Сондай-ақ, салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру.

Байқауға қатысуға туризм саласына қатысты ұйымдар мен оның өкілдері шақырылады. 17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, ал 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі.

Марапаттау рәсімі осы жылдың 8 желтоқсанында Астанада өтеді.

«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары:

— «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған);

— «Үздік туристік компания»; — «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»; — «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»; — «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»;

— «Үздік бизнес қонақ үй»;

— «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес);

— «Үздік аймақтық қонақ үй»;

— «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы);

— «Үздік хостел»;

— «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»;

— «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған);

— «Туризм туралы үздік Instagram парақша»;

— «Жылдың Travel фотографы»;

— «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»;

— «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»;

— «Туризм бойынша үздік интернет жоба».

Қосымша номинациялар:

— «Туризмге қосқан үлесі үшін»;

— «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».

Байқауға өтінім мен оған қатысты толық мәліметті www.tourismawards.kz сайтынан білуге болады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.