Қазақстан Жазушылар одағында жаңа конституция жобасы талқыланды

63
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті.
Талқылауға Марат Тоқашбаев, Қансейіт Әбдезұлы, Любовь Шашкова, Бигелді Ғабдуллин, Есберген Алауханов, Бауыржан Жақып, Әділғазы Қайырбеков, Василий Шупейкин, Армиябек Сағындықұлы, Сламхат Сламғазы, Фархат Тамендаров, Ерлан Жүніс секілді қаламгерлер қауымы мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасының орынбасарлары мен хатшылық мүшелері қатысты.
Жиынның мақсаты – ел өміріндегі маңызды құқықтық құжатқа қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұсыныс-пікірлерін ортаға салу.
Жиын барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасындағы қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар, сондай-ақ азаматтық институттардың рөлі жөнінде пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.