Қатерлі дертпен қоғам болып күресу керек

443

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жылсайын мамыр айының үшінші жексенбісіне орай Дүниежүзілік ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай жазасын өтеушілермен бірге іс-шаралар өткізіледі.

Биыл да аталған шара мекеменің клубында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және осы департаментке қарасты арнайы мекемелер, сонымен қатар, ЖИТС облыстық орталығы мамандары мен біріге өткізілді.

Жиынға 70-ке тарта жазасын өтеушілер қатысты. Оларға АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-іңдетінің айырмашылығы, АИТВ-инфекциясын алдын алу, берілу жолдары, анонимді тексерістен өту мүмкіндігі туралы дәріс оқытылып, бейнероликтер көрсетілді.

Басқосу барысында жазасын өтеушілер тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тиянақты жауаптар берді. Сонымен қатар, ерікті қызметкерлер жазасын өтеушілерді саусақтарынан қан өткізу арқылы анонимді АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткізді.

Жиын соңында жазасын өтеушілер қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, алғыстарын айытып өтті. Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің медициналық бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.