Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов 11 қазанда жұдырықтасады

513

Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Әли Ахмедов өзінің кезекті жекпе-жегін 11 қазанда өткізеді.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өтетін жарыста жерлесіміз Йовани Хавьер Гомеспен күш сынасады. 23 жастағы мексикалық өрен осы күнге дейін 31 кездесу өткізіп, 17 мәрте жеңіске жетті. 11 бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады.

Әли Ахмедов те 23 жаста. Сағатбек Мұсахановтай білікті маманнан тәлім-тәрбие алған Алматы облысының тумасы қазіргі кезде АҚШ-та Геннадий Головкиннің жеке бапкері Абель Санчестің қол астында жаттығуда. Кәсіпқой рингте ол 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытты. 9 қарсыласын Әли есінен тандырды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.