Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Кездесуге келген тұрғындар баспанамен қамтамасыз ету және жер кезегі, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары, қала аумағындағы бейнебақылау камераларынң орналасу тәртібі, қураған талдарды уақытылы кесу жөнінде сауалдар қойды.
Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағының инфрақұрылым жұмыстарын жандандыру бойынша мәселелер көтерілді.
Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты бөлімдерге тұрғындардың сауалын жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.