«Күй анасы – Дина»

167

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың ұлы күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күй анасы – Дина» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиынға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің домбыра аспабы оқытушысы Төрехан Көрпебаев, Музыкалық білім беру кафедрасының меңгерушісі әрі «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі Гүлзада Жұмашева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің  «Домбыра» кафедрасының оқытушысы Әсел Дайрабаева, сонымен қатар «Астана» көпсалалы колледжі мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж білімгерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты — халықтың рухани қазынасы ретінде бағаланған қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұлттық музыкалық мәдениетті дәріптеу және жас ұрпаққа ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Шара аясында «Күй анасы – Дина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеште «Адай», «Тойбастар», «Әсем қоңыр», «Науаи», «8 Март» сияқты дәстүрлі күйлер орындалды. Сондай-ақ Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Белгілі өнертанушылар мен домбыра ұстаздары оның өнерінің тарихи маңызы мен мәдени құндылығы туралы ой бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында Дина Нұрпейісованың күйлері – халық тағдыры мен адам жан дүниесінің айнасы екенін тағы бір мәрте терең сезіне аламыз деген қорытынды жасалды. Оның шығармалары қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің негізі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.