Күрделі жөндеу жұмыстарының барысы

121
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің басшылығымен Басқарма басшысы Ғ.Исақов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаил бірлесе Тараз қаласындағы «Ақбұлак» (1) м.а. N23, «Аса» (10) м.а. N30, 23, «Мыңбұлақ» (9) м.а. N33, 66 үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Биыл республикалық бюджет есебінен 5,9 млрд. теңгеге облыс бойынша жалпы 79 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:
— Тараз қаласында — 53 үй;
— Жаңатас қаласында — 12 үй;
— Шу қаласында — 10 үй;
— Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында — 4 үй.

Leave A Reply

Your email address will not be published.