Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында алғашқы голын соқты

174

Getty Images

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында алғашқы голын соқты: 21 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Хартс» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатының 28-турында «Фалкирк» қақпасына 45-минутта дәл соққы жасады. Чесноковтың голына нәтижелі пасты грек вингері Александрос Кизиридис берді.

Бұл матч Чесноков үшін эдинбургтік клуб сапындағы үшінші ойын болды. Ол «Хартс» құрамында 17 қаңтар күні Шотландия кубогында дәл осы «Фалкиркке» қарсы кездесуде дебют жасаған еді. Сол ойын 5:6 есебімен пенальти сериясында аяқталып, Чесноков командасы жеңіліс тапқан болатын.

Шотландия Премьер-лигасы аясында қазақстандық футболшы бұған дейін «Хайберниан» (1:0) және «Рейнджерс» (2:4) командаларына қарсы алаңға шыққан.

Айта кетейік, Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына 2026 жылдың 6 қаңтарында ресми түрде ауысты. Келісімшарт 2,5 жылға, яғни 2028 жылдың жазына дейін жасалған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276637-islam-cesnokov-sotlandiia-cempionatynda-algasqy-golyn-soqty

Leave A Reply

Your email address will not be published.