Ираннан жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

95
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік БАҚ-та Иран аумағынан Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпараттың таралғанын тіркеді.
❗️Осыған байланысты «Қазгидромет» мұндай мәлімдемелердің ғылыми деректермен және бақылау нәтижелерімен расталмайтынын хабарлады.
Мониторинг деректеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдері бағытына қарай жылжу белгілері байқалмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.