Грекияда футбол жанкүйерлері қақтығысып қалды

469

Афины қаласында «АЕК» футбол клубының жанкүйерлері чемпиондар лигасынынан кейін голландиялық «Аякс» командасының жанкүйерлерімен қақтығысып қалды. Тәртіпсіздікке қатысқан «АЕК» футбол клубының қолдаушылары қарсыластарына пиротехника мен жанғыш Молотов коктейлін лақтырған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жанкүйерлер бір-біріне тіл тигізгеннен кейін гректер жұдырықтаса жөнелді. Ашуға бой алдырғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары резеңке таяқ қолданған. Оқиғадан жарақат алғандар бар. Алайда зардап шеккендердің саны анықталмады. Айта кетейік, ойында Нидерланды құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.