Головкинмен айқастан жалтарған Джейкобс өз отанында сынның астында қалды

374

Boxingnews24.com танымал америкалық сайтының журналисі Джим Доуэр Дэниэл Джейкобстың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен әзірге реванш өткізгісі келмейтіні туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Джейкобс Головкинмен реванш өткізуге қызығушылық танытпайтынын мәлімдеп, қателікке ұрынды. Егер ол «Канеломен» айқасты ұйымдастыра алмаса, оның орта салмақтағы өзге жекпе-жекке шығуға еш мүмкіндігі қалмайды», — деп есептейді АҚШ-тағы танымал шолушы.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс былтыр наурызда кездесті. Төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандыққа бұйырған болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.