Головкин «Канеломен» рематч туралы: Екеуміз үшін де қауіпті

605

WBA Super, WBC және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин оның қарсыласы Сауль Альварестің былтыр қыркүйекке қарағанда, екінші айқаста көбірек шабуылдайтынына үміттенеді.

«Мәселе мен «Канелоға» деген құрметімді жоғалттым деген сөзде емес. Менің оған деген құрметім өзгеше. Оның тарапынан менің істегенім, менің тарапымнан оның жасағаны дұрыс болған жоқ. Екеуміздің діліміз әртүрлі. [«Канело» рематчта шабуылдайды ма? ] Мен оған үміттенемін. Ол көп сөйлегенді жақы көреді. Бұл оның жанкүйерлеріне де жақсы болады. Мен оны көремін деп үміт артамын. Оны бұрыннан танимын. Оған қазір өз позициясын қайтару үшін уақыт қажет. Бұл қызық болғалы тұр. Екеуміз үшін де қауіпті жағдай. Не боларын ешкім білмейді», — деді Головкин.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.