Геннадий Головкин ТОП-10 боксшының қатарына енбей қалды

35

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) қаңтар айының қорытындысы бойынша «ТОП-10» кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер санатына қазақстандық Геннадий Головкин енбей қалды.

Мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін жерлесіміз барлық атағынан айырылып қана қоймай, халықаралық ұйымдардың үздіктер тізімінде де біраз төмендеді. Мысалы, күні кешегіге дейін IBF рейтингінде төртінші орында тұрған GGG қазіргі кезде 11-ші сатыға сырғып түсті. Осы жайсыз жаңалықты естігенде қазақстандық жанкүйерлердің де көңілдері біраз жабырқап қалды. Өйткені, Геннадий Головкинді тек қана үздіктер қатарынан көруге біздің көзіміз үйреніп қалған.

IBF рейтингінде әзірге көшбасшы жоқ. Ал «ТОП-10» боксшының қатарына мына саңлақтар еніп отыр:

2. Джек Кулкай (25-3, 13 КО – Эквадор/Германия).

3. Мартин Мюррей (37-4-1, 17 КО  – Ұлыбритания).

4. Сергей Деревянченко (12-1, 10 КО – Украина).

5. Камил Шеремета (18-0, 4 КО – Польша).

6. Давид Лемье (40-4, 34 КО – Канада).

7. Риота Мурата (14-2, 11 КО – Жапония).

8. Патрик Войжитски (12-0-1, 4 КО – Германия).

9. Джейсон Уэлборн (24-6, 7 КО – Ұлыбритания).

10. Роб Брант (24-1, 16 КО – АҚШ).

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.