Ертең Таразда Ұлықбек Есдәулетпен кездесу өтеді

865

Ертең облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен кездесу өтеді. Жиынға Әулиеата өңірінің зиялы қауым өкілдері мен облыс жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысады.

 

Кездесуде одақтың облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман баяндама жасап, өңіріміздің әдеби әлемінде атқарылып жатқан және алда атқарылатын жоспарларымен бөлісіп, есепті баяндама жасайды.

Сондай-ақ, Одақ басшысына сұрақ қойып, бүгінгі әдеби процесс төңірегінде емен-жарқын пікір алмасу болады.

Кездесу  сағат 10:00-де Облыстық ішкі саясат басқармасында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.