«Еркек болу жасқа қарамайды»: Ерке Есмахан жұбайын мақтап, әсерлі жазба жариялады

76

Әлеуметтік желіден
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы RaiM-ге алғыс айтып, оған деген ерекше ықыласын білдірді. Өнер иесі жолдасының өзіне әрдайым қолдау көрсететінін айтып, барша қыз-келіншекке осындай жар тіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерке Есмаханның айтуынша, RaiM оның өнердегі де, өмірдегі де ең үлкен тірегі әрі қолдаушысы.

«Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені «әлемнің ең кереметіне теңеушім» – RaiM екенін. Барлығы үшін рақмет. Сүйем сені!» – деп жазды әнші.

Өнер иесі әзіл-шыны аралас күйеуін жиі мақтан ететінін айтып, өзге қыз-келіншектерге де қанаттандырып, биікке жетелейтін өмірлік серік тіледі.

Сондай-ақ ол нағыз ер азаматтың жасына емес, санасына қарап бағаланатынын атап өтті. Әншінің пікірінше, ата-анасына қамқор болып, отбасына қорған бола білетін әрі қоғамда өз орнын тапқан азамат – шынайы ер-азаматтың үлгісі.

Ерке Есмахан жазбасының соңында барша ер азаматқа амандық тіледі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285822-erkek-bolu-zasqa-qaramaidy-erke-esmaxan-zubaiyn-maqtap-aserli-zazba-zariialady

Leave A Reply

Your email address will not be published.