Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

125
Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құрылғыларды қолданғандар 1 жылға дейін қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылады.
Жаңа ережеге сәйкес:
🔶 емтихан тапсырушы ғана емес, куәлікті заңсыз алуға көмектескен тұлғалар да жауапкершілікке тартылады;
🔶 емтиханды ақылы түрде бірнеше рет тапсыруға болады, алайда әр талпыныс арасында кемінде 10 күн үзіліс сақталуы тиіс;
🔶 азаматтарға 3 рет тегін тапсыру мүмкіндігі беріледі. Екі рет тапсыра алмаған жағдайда, үшінші мүмкіндікке 30 күннен кейін ғана жіберіледі.
Сонымен қатар теориялық емтиханға AR технологиясы енгізіледі. Ал практикалық сынақта Computer Vision жүйесі жол ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.