Елімізде азық-түлік өнімдерінің бағасы өсті

357

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік субсидияны арттыра отырып, аграрлық өнеркәсіпті қолдауға қаржы институттарын тартуды арттыра бермек. Биыл жауапты министрлік несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көбейтіп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қайта жандандыра бастады. Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесін көп күттірмеуі тиіс. Яғни шаруалардың несие алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.

АШМ субсидиялауды автоматтандырады

Агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласын мемлекеттік қолдау шараларымен қамту мүмкін емес. Сондықтан министрлік салаға қаржы институттарын тартуды көздеп отыр. Мәселен, биыл негізгі қаражатқа берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау басталады. Бұрын мұндай шарада тек айналымдағы қаражатқа ғана берілетін. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы техникасы лизингін субсидиялау шаралары да жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде бүгінге дейін шаруалар 50 млрд теңгеден астам сомаға екі жарым мыңға жуық техника алды. Өткен жылы көрсеткіш шамамен 17 пайызға төмен болатын. Жалпы елімізде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау екі есе артып, 600 млрд теңгеге жуықтады. Бұған дейін қазынадан 240 млрд теңге, жыл сайынғы бюджеттен тағы 60 млрд теңге бөлінетін. Бір жылдан кейін мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын қаржыландыру да осы үлгіге көшеді күтілуде. Осылайша 54 субсидияның 34 түрі қалады. Сарапшылар жаңа әдіс сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі деген пікір білдірді.

Инфляция 3,7 пайызды құрады 

Елімізде кей азық-түлік өнімдерінің бағасы өсуде. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қант құны шамамен 20%-ға өсті. Сондай-ақ ет пен сүт өнімдерінің қымбаттауы байқалады. Ал, керісінше, кейбір көкөністер арзандады. Бұрыш, сарымсақ және картоп бағасы орта есеппен 30%-ға артты. Жалпы жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы – 2,6 пайызға, ақылы қызметтердің бағасы 3,5 пайызға өсті. 2018 жылдың он айында инфляция деңгейі 3,7 пайызды құрады.

Әлемде смартфон жеткізу көрсеткіштері 6 пайызға төмендеді 

Смартфондардың әлемдік жеткізілімдері 6%-ға төмендеді. IDC компаниясының сарапшылары биылғы жылдың үшінші тоқсанында телефон жеткізілімі 355 млн данаға дейін төмендегенін хабарлайды. Мамандар келер жылы нарықта өсім болады деп болжайды. Алайда сарапшылар нақты қанша пайызға өсетінін дөп басып айта алмай отыр. Сонымен қатар әлемдік жеткізілімдердің 20% үлесіне тиесілі Оңтүстік Кореяның компаниялары смартфондарын жеткізуді 13,4%-ға немесе 72 млн данаға дейін төмендетіп отыр. Сонымен қатар Қытайда тұтынылатын барлық құрылғылардың шамамен үштен бірі смартфондар болса, оның өзіне сұраныс жыл санап азайып барады.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.