-Ее, қазақтың түкірігі жерге түспей тұр, десейші..

59
— Ассалаумағалейкүм көке
— Уағалейкүмәссалам, қай баласың?
— Жалғаспын ғой
— Нәғіп қиалап тұрсың?
— Тіке қарауға ұялып тұрмын?
— Не боп қалды?
— Әннен мән кетті. Болмысынан безінген, жатырынан жерінгендер апырика мен әмрикадан ұрлағандарын «сабременный» деп сәндетті, кампиутермен әрлетті. Қазақы әуен есіктен кіре алмай, тесіктен сығалап кетті..
— Уа, өнер қайраткерлері қайда? Неге бас көтермейді?
-Қайсын айтасыз? Қазір шашын қызыл сарыға бояп, мауыққан мышықша мияулап, мекерше ыңырсып, шибөріше ұлитындарды да өнерпаз деп сахна төріне шығаратын болған. Кейбірін түрінен де, даусынан да не еркек, не қатын екенін ажырату қиын.
— Ел сенген азаматтар не қарап отыр?
— Оо, о кісілердің қолы тимейді. Қаржы игеру қамын, тойыс халық қамын ойлап жүр. Кейбірі сол көгілдірмен көңілдес, — дейді..
— Ит қосып қуу керек қой ондайларды!
— Ит туралы айтпаңызшы, сосын итшілдер есіме түседі, сосын аллергиям қозады! Сосын түшкіргім келеді, сосын түкіргім келеді, сосын ыштырап салады..
-Ее, қазақтың түкірігі жерге түспей тұр, десейші..
— Солай көке.. Кешіріңіз тақырыптан ауытқып кетсем. Қазақ өнерін қалай өркендетеміз енді?
— Білмим балам, айқайлағанның бәрі- әнші емес, ән шығарғанның бәрі- Шәмші емеес! Қаперіңде жүрсін..

Leave A Reply

Your email address will not be published.