
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды: 4 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Бүгін Қазақстанның сегіз қаласындай жайсыз метеоролгиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
2026 жылғы 4 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.